Жауапты ойын

Dafabet сайтында ойнаған кезде ойыншыларға қызықты болуы үшін, жауапты ойынды ынталандырамыз. Біз ойыншыларымызға жауапты ойын үшін жеке лимиттерін анықтауға мүмкіндік береміз, сосын жеке лимиттеріңізді реттеп, бақылауға мүмкіндік беретін басқару құралдарын пайдалануға көмектесеміз. Құмар ойын - ойын-сауық формасы, сондықтан қаржылық та, эмоция жағынан да өміріңізде қиындық тудырмауы керек. Ойнау үшін қарыздану, бюджетіңізден артық жұмсау немесе басқа мақсатқа бөлінген қаражатты пайдалану қисынсыз ғана емес, сізге және айналаңыздағыларға айтарлықтай проблема тудыруы мүмкін. Dafabet сайтында ойнаудың сізге ұнағанын қалаймыз, сол себепті жауапкершілікпен бәс тігіп, ойыннан ләззат алыңыз!

Біздің барлық Тұтынушыларға қызмет көрсететін қызметкерлеріміз құмар ойынға тәуелділік бойынша оқудан өтеді.

Көмек алу

Құмар ойынға қатысты проблема туындаған адамдарға қолдау мен көмек көрсететін көптеген ұйым бар, біз қосымша көмек алу үшін ойыншыларға өзіне-өзі көмектесу ұйымына хабарласуға кеңес береміз.

Келесі веб-сайттар кеңес пен нұсқаулық ұсынады. Құпия көмек және қолдау қажет болса, әрқайсысының сіз хабарласа алатын сенім телефондары мен электрондық пошта мекенжайы бар.

Құмар ойынмен байланысты проблемаңыз бар ма?

Құмар ойынмен байланысты проблемаңыз бар деп ойласаңыз, өзіңізге келесі сұрақтарды қойыңыз:

  1. Басқалар сіздің құмар ойын ойнауыңызға сын айтып көрді ме?
  2. Құмар ойынға жұмсаған ақшаңызды немесе уақытыңызды жасыру үшін өтірік айтып көрдіңіз бе?
  3. Өміріңізде ұрыс-керіс, реніш немесе өкініш болған кезде, құмар ойын ойғаңыңыз келе ме?
  4. Ұзақ уақыт бойы жалғыз құмар ойын ойнайсыз ба?
  5. Құмар ойын ойнау үшін жұмыс, университет немесе мектептен қашасыз ба?
  6. Қызықсыз немесе бақытсыз өмірден қашу үшін құмар ойын ойнайсыз ба?
  7. «Құмар ойын ақшасын» басқа нәрсеге жұмсағыңыз келмей ме?
  8. Құмар ойын кесірінен отбасыңызға, достарыңызға немесе ойын-сауыққа қызығушылығыңыз жоғалды ма?
  9. Жеңілген соң, тез арада шығындарыңызды қайта ұтып алуым керек деп сезінесіз бе?
  10. Құмар ойын ойнап, ақшаңыз біткен кезде, көңіл күйіңіз түсіп, құмар ойынды барынша тезірек қайта ойнағыңыз келе ме?
  11. Құмар ойынды соңғы тиыныңыз қалғанша ойнайсыз ба?
  12. Құмар ойынға ақша табу немесе құмар ойын қарыздарын жабу үшін өтірік айтып, ұрлап немесе қарызданып көрдіңіз бе?
  13. Құмар ойынның кесірінен күйзеліске түсіп немесе, тіпті, өзіңізге қол жұмсағыңыз келе ме?

Осы сұрақтарға неғұрлым көп «иә» деп жауап берсеңіз, құмар ойынға қатысты проблемаңыз соғұрлым көп дегенді білдіреді және жоғарыда аталған арналар арқылы анықтама мен көмек ала аласыз.

Ойыныңызды басқару

Құмар ойынды жиі ойнайтын пайдаланушыларда жоспарынан көп қаражат жұмсап қоятын жағдай жиі болады. Құмар ойынға шығындарыңыз қолжетімді болуы үшін нақты бюджеттік жоспар құруға кеңес береміз.

Кей кезде адамдар өз проблемаларының ауқымын елемей, тек кризистік жағдайларда көмекке жүгінеді. Өзіңізден шынайы сұраңыз, проблема бар деп ойласаңыз, құмар ойын ойнауды сынақ ретінде екі аптаға немесе бір айға тоқтатуға мақсат қойыңыз. Орындай алмасаңыз, сізде проблема болуы мүмкін және кеңесшімен жағдайды талқылағаныңыз жөн.

Өз-өзін шектеу

Құмар ойыныңыз шектен шығып бара жатқанын сезініп, ойынға шектеулер қоюды қаласаңыз, қолжетімді шешімдерге кеңес бере алатын Тұтынушыға қолдау көрсету бөлімімізге хабарласыңыз.

Өз-өзін шектеу немесе бас тарту

Құмар ойынмен байланысты проблемаңыз бар деп есептесеңіз немесе құмар ойыннан мәжбүрлі үзіліс алғыңыз келсе, Dafabet компаниясы өзіңізді Dafabet сайтындағы ойындардан мүлдем шығару мүмкіндігін береді. Біржола шығуды таңдасаңыз, сізге Dafabet сайтында ойнауға тыйым салынады. Бар болғаны Тұтынушыларға қызмет көрсету тобына хабарласыңыз.

Интернетте ойнау, вейджер немесе құмар ойын қызметтеріне кіруге тыйым салғыңыз келсе, оны орындайтын әртүрлі бағдарламалық құралдар бар. Gamblock™ www.gamblock.com интернеттегі құмар ойын сайттарына кіруді блоктайды. Ол проблемасы бар адамдарға шектеусіз ойнаумен байланысты қауіптерден аулақ болуға көмектеседі.

Кәмелетке толмағандардың құмар ойынға қатысуының алдын алу

Dafabet сайтында ойнау үшін кем дегенде 18 жаста болуыңыз қажет. Құмар ойын сайттарына кәмелеттік жасқа толмаған адамдардың кірмеуіне кепілдік беру үшін тексеру жасаймыз. Ойыншының жасы туралы қате немесе жалған ақпарат берсеңіз, ұтыстарыңыз тәркіленіп, азаматтық және/немесе қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Ата-ана бақылауы

Жасөспірімдерді сайтқа кіруден қорғау үшін, жауапты ойыншыларға компьютерлеріне интернет сүзгілеу бағдарламалық құралын орнатуға кеңес береміз. Ата-аналар немесе қамқоршылар компьютердің интернет кіруін бақылап немесе шектей алатын қолжетімді бірқатар үшінші тарап қолданбалары бар. Олар мыналар:

  • Net Nanny сүзгілеу бағдарламалық құралы балалардың қажетсіз веб-контентке кіруінен қорғайды :  www.netnanny.com 
  • CYBERsitter сүзгілеу бағдарламалық құралы ата-аналарға өз сайттарын құлыптауға мүмкіндік береді : www.cybersitter.com