Dafabet құпиялық саясаты
Осы Құпиялық саясаты www.dafabet.com домен атауы («Веб-сайт») арқылы орналасқан немесе қолжетімді Dafabet веб-сайтын немесе кез келген тиісті бетті, қосалқы бетті, қосалқы доменді немесе бөлімді басқарады.
Осы Құпиялық саясатында сізден жиналатын немесе сізге берілетін жеке мәліметтерді өңдеу тұжырымдамалары баяндалады.
Веб-сайттарды пайдаланбас бұрын төмендегі саясатты мұқият оқып шығыңыз. Веб-сайттарды пайдалану немесе оған тіркелу арқылы сіз осы Құпиялық саясатының шарттарымен және талаптарымен келісесіз және оларды қабылдайсыз. Осы Құпиялық саясатын немесе оған енгізілетін түзетулерді қабылдауға және орындауға келіспесеңіз, Веб-сайтты пайдалануды тоқтатыңыз.
Саясатқа түзетулер немесе өзгертулер енгізу
Біз осы Құпиялық саясатын кез келген уақытта түзетуге құқылымыз. Кез келген мұндай өзгеріс міндетті болып табылады және Веб-сайтқа жарияланған соң бірден күшіне енеді. Ағымдағы Құпиялық саясаты күшіне енген күн осы беттің үстіңгі жағында анықтама ретінде көрсетіледі.
Талаптарға сәйкестік
Осы Құпиялық саясаты тиісті деректерді қорғау заңнамасына, оның ішінде Ұлыбританияның 1998 жылғы Деректерді қорғау туралы заңына қатаң бағынады.
Сондай-ақ Dafabet өз ойыншыларының құпиялығына көз жеткізу үшін ЕО құпиялық заңдарымен және Экономикалық серіктестік және даму ұйымының (OECD) нұсқаулықтарымен тұрақты салыстырып қарап отырады.
Деректерді жинау
Жалпы ақпарат
Интернетке кірген кезде, браузерлер немесе клиент бағдарламалық құралы сіз кірген веб-сайттар орналасқан серверлерге ақпарат жіберуі мүмкін. Бұл ақпарат веб-сайтқа келушілер туралы статистика жасайды, ол маркетинг мақсатында қолданылып, пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға көмектеседі.
Жеке ақпарат
Біз сізді анықтауға көмектесетін жеке мәліметтерді жинақтаймыз. Бұл ақпаратты мыналарды қамтуы мүмкін, бірақ онымен шектелмейді:
- Аккаунтты ашқан кезде атыңыз, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі, туған күніңіз сияқты бізге беретін мәліметтеріңіз және аккаунтыңызды реттеуге және басқаруға мүмкіндік беретін, сізден сұралуы мүмкін басқа да міндетті мәліметтер.
- Бізге хабарлассаңыз, қатынас хаттарыңыздың жазбасын сақтауымыз мүмкін.
- Маркетингтік науқан немесе сайыс нәтижесінде бізге ұсынуыңыз мүмкін кез келген деректер.
- Веб-сайттарда ойнау немесе бәс тігу әрекеттеріңіздің мәліметтері.
- Тұтынушыларға қызмет көрсететін агенттерімізбен өзара қарым-қатынасыңыз (телефон немесе чат арқылы). Олар бізге оқытуға, сапаны басқаруға көмек ретінде және проблемалар мен сұрауларды тезірек шешуге мүмкіндік беру үшін жазылуы немесе сақталуы мүмкін.
Оған қоса бұл мәліметтер сізге әртүрлі мақсатта хабарласып, біз ұсына алатын ең жақсы қызметті көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл жеке мәліметтер әр уақытта арнайы ұсыныстар, науқандар мен іс-шаралар туралы сізді хабардар ету үшін маркетингтік мақсатта қолданылады.
Сіз берген ақпарат 1998 жылғы Деректерді қорғау туралы заңға сәйкес жеке немесе құпия ақпарат болып есептелуі мүмкін екенін мойындайсыз және Веб-сайттарды пайдалану арқылы деректеріңіздің осы саясатқа сәйкес өңделетініне келісім бересіз.
Мәліметтеріңізді пайдалану бойынша ақпаратты ашу
Бізде аккаунт ашу арқылы сіз пайдаланушы туралы мәліметтеріңізді сақтауымыз мүмкін екендігімен және оларды біздің атымыздан өңдейтін үшінші тарап компаниясына жіберілуі мүмкін екендігімен келісесіз.
Мәліметтеріңіз келесі жағдайларда өңделуі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді:
- Веб-сайттарымызда шоттарды басқару және транзакцияларды өңдеуге.
- Сізге құмар ойындар мен бәс тігу қызметтерін ұсынуға.
- Тексеру және жеке басты растауғ мақсатында, мысалы кәмелеттік жасқа толғаныңызға және Веб-сайттың Пайдалану шарттарында көрсетілген кіру шектелген аймақтардан емес екеніңізге көз жеткізуге.
- Веб-сайтқа диагностика жасауға және техникалық қызмет көрсетуге.
- Веб-сайт қызметтерін бақылауға және жақсартуға.
- Тәуекелді басқару, алаяқтықты анықтау және ақша жылыстауы бойынша талаптарды орындауға.
- Қандай да бір құқықтық немесе нормативтік талаптарды сақтауға.
- Бағдарламалық құрал жеткізушілерінің (осы саясат шарттарымен байланысты) сұрауы бойынша қолдау және қатысты қызметтер ұсыну барысында.
Біз пайдаланушылардың сайттардың әртүрлі аймақтарына қызығушылығын және оларды пайдалануын өлшеу, оған қоса мұндай ақпаратты жарнама берушілерге хабарлау мақсатында мінез-құлқы мен сипаттамаларына, сондай-ақ олардың жарнама баннерлерін көрген және оны басқан пайдаланушылар санына статистикалық талдау жасауға да құқығымыз бар. Үшінші тараптарға бұл талдаулардың тек жиынтық деректері беріледі.
Dafabet – сайыстарды манипуляциялаудың алдын алу мақсатында спорт пен бәс тігудің әділдігін қорғауды мақсат ететін әртүрлі қауымдастықтардың мүшесі. Сол себепті тараптардың (Dafabet және тиісті қауымдастықтар) бәс тігу әрекеттерін бақылау мақсатында деректерге кіруге және оларды бөлісуге құқығы бар.
Науқан ұсыныстары туралы ақпарат алғыңыз келсе, тіркеу формасындағы сәйкес ұяшықтарға белгі қоя аласыз. Осы таңдауларды кез келген уақытта өзгерткіңіз келсе, тұтынушыларды қолдау бөлімінің өкіліне хабарласыңыз.
Ұтыстар
Маркетинг және науқан мақсатында Веб-сайттарда және басқа да науқан материалдарында алған жеңістеріңіз бен/немесе алған жүлделеріңіздің мәліметтерін жариялауға құқығымыз бар. Біз пайдаланушы аттарын немесе қысқартылған есімдерді, жеңіс сомасын және де, қажет болса, Веб-сайттарды жарнамалау мақсатында басқа да мәліметтерді жариялауымыз мүмкін.
Қауіпсіздік
Мәліметтеріңіздің қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін барынша қолжетімді құралдарды қолданамыз. Барлық ақпарат шифрлау технологияларымен тасымалданады және серверлерімізде сақталғаннан кейін бүгінгі күні қолжетімді соңғы технологиялар арқылы қауіпсіз сақталады. Веб-сайтымыз бен бағдарламалық құралымыз деректер дәлдігі мен құпиялығын қамтамасыз етіп, деректерді рұқсатсыз қолданудан және/немесе жоғалудан қорғайтын барлық қолжетімді құралдарды пайдаланады.
Интернет арқылы орындалатын барлық коммуникация толығымен қауіпсіз болмайтындықтан, қызметтерімізді көрсету мақсатында біз ұсынатын кез келген ақпарат қауіпсіздігіне кепілдік берілмейді. Веб-сайттарды пайдалану арқылы сіз бұдан былай интернетті пайдалану қауіпсіздігінің ажырамас салдарларымен келісесіз және қабылдайсыз және біз мұндай оқиға салдарынан туындаған тікелей, жанама, кездейсоқ немесе айыппұл шығындарына немесе зақымдарға ешқандай жауапкершілік алмаймыз.
Мәліметтеріңіз ол алынған мақсаттарға жеткенге дейін қажетінше сақталатынын ескеріңіз. Белгілі бір жағдайларда мәліметтеріңізді белгісіз уақытқа сақтау қажет болуы мүмкін.
Cookie файлдар
Ойыншылар жеке мәліметтер мен деректердің тіркеу процесі кезінде cookie файлдарды пайдалану арқылы автоматты түрде жинақталып, сақталуы мүмкін екенін ескеруі қажет. Cookie файлы веб-сервер жіберетін шағын мәліметтерді веб-браузерге жіберіп, сол арқылы сервер браузердегі мәліметтерді жинайды. Cookie файлдары сайтты шарлау әдеттерін бақылап, демографиялық профиль жасауға қолданылады. Мұндай әдеттерді бақылап, алынған деректерді жинақтау арқылы сізге ұсынатын қызметтерімізді жақсарта аламыз. Серіктестік жүйе cookie файлдарды қатысты серіктестерді бақылау процесінің бір бөлігі ретінде қолданады.
Cookie файлдарын пайдалану арқылы ақпараттың жиналуын қаламасаңыз, көптеген браузерде cookie мүмкіндігінен бас тартуға немесе қабылдауға мүмкіндік беретін қарапайым процедура болады. Алайда cookie опциясы өшірілген болса, «жекелендірілген» қызметтерге әсер етуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Деректерді жою
Компанияның интерактивті құмар ойындар өндірісі сайтымен байланысты барлық ақпарат жеткізушілер үшін оларда қамтылған ақпаратты тәуелсіз қауіпсіз жою талап етіледі.
Деректерге кіру рұқсаты және жаңартулар
Пайдаланушылар төменде көрсетілген мекенжайларға бізде сақталған жеке мәліметтердің көшірмесін алуға кез келген уақытта жазбаша сұрау жасай алады. Бізде сақталған жеке мәліметтеріңізді сізге көрсететін боламыз. Сондай-ақ Тұтынушыларды қолдау қызметіне . хабарласу арқылы бұрын жиналған пайдаланушы туралы ақпаратқа енгізілген жаңартулар, өзгертулер немесе түзетулер туралы хабарлай аласыз. Оған қоса дерекқорымызда жоғарыда аталған пайдаланушы туралы ақпаратты сұрауыңыз бойынша жоя аламыз; алайда резервтік көшірмелер мен жою жазбаларына байланысты қалған кейбір мәліметтеріңіз өшірілмеуі мүмкін.
Dafabet осы Құпиялық саясатын кез келген уақытта өзгертуге, түзетуге немесе толықтыруға құқылы. Мұндай барлық өзгертулер осы Құпиялық саясатында жарияланады. Тұтынушылар осы бетте жарияланған Құпиялық саясатын мезгіл сайын тексеріп отыруға жауапты.
Бұл бет соңғы рет 2015 жылдың 16 қыркүйегінде өзгертілді.
Хабарласу
Осы саясат туралы сұрауларыңыз немесе пікірлеріңіз болса, Тұтынушыға қолдау қызметі арқылы хабарласыңыз, мәліметтерді Веб-сайттың Бізге хабарласу және Анықтама бөлімінен таба аласыз.